Венгер: «Оливье Жиру де бір маусымда 20 гол соға алады»

Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Арсен Венгер мадридтік «Реал» шабуылшысы Кәрім Бенземаны сатып алуы туралы Тьерри Анридің мәлімдемесіне жауап қатты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Айта кетейік, «канонирлердің» бұрынғы шабуылшысы Анри «Арсенал» Бенземаны сатып алса, лондондықтардың ағылшын Премьер-лигасын жеңіп алуына мүмкіндігі артатынын айтқан болатын.

«Анридің футболды жақсы түсінетініне күмәнім жоқ, бірақ бәрі ол айтқандай оңай емес. Бензема секілді шабуылшыны сатып алу ештеңеге кепілдік бере алмайды. Құрамға топ-шабуылшыны қосу маңызды, бірақ Жиру де маусымда 20 гол сала алады деп ойлаймын. Егер Оливье алаңға жиі шықса 20 гол соғады, Уолкотт та солай. Команданың нәтижелігі мені қорқытпайды, бірақ шабуылда ойнайтын футболшылардың көп гол салғаны жақсы», - деді Венгер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или