«Астана» мен «Қайраттың» қарсыластары туралы не білеміз?

«Астана» мен «Қайраттың» қарсыластары туралы не білеміз?

Кеше Ньон қаласында «Астана» мен «Қайраттың» еурокубоктың плэй-офф кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Қазақстан чемпиондары кипрлік АПОЭЛ клубымен күш сынасса,  ел кубогының иегері «Қайрат» француздың азулы «Бордосымен» теке-тіреседі. «PROСПОРТ» тілшісі отандық клубтардың қарсыластарымен таныстырмақ.

Кипрлік тосқауыл

АПОЭЛ (Никосия, Кипр)

Толық аты: Атлитикос Подосфэрикос Омилос Эллинон Лефкосиас (Никосияның грекиялық атлетикалық футбол клубы)

Кипр чемпионы: 1935/36, 1936/37, 1937/38, 1938/39, 1939/40, 1946/47, 1947/48, 1948/49, 1951/52, 1964/65, 1972/73, 1979/80, 1985/86, 1989/90, 1991/92, 1995/96, 2001/02, 2003/04, 2006/07, 2008/09, 2010/11, 2012/13, 2013/14, 2014/15

Кипр кубогының иегері: 1936/37, 1940/41, 1946/47, 1950/51, 1962/63, 1967/68, 1968/69, 1972/73, 1975/76, 1977/78, 1978/79, 1983/84, 1992/93, 1994/95, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 2005/06, 2007/08, 2013/14, 2014/15

Кипр Суперкубогының иегері: 1963, 1984, 1986, 1992, 1993, 1996, 1997, 2002, 2004, 2008, 2009, 2011, 2013

Чемпиондар лигасындағы жетістігі: Ширек финал (2014/15 жылғы маусым)

УЕФА клубтар рейтингісі: 52-орын

Стадионы: «Neo GSP Stadium», 23 400 жанкүйер

Ойыншыларының жалпы құны: 17, 78 млн еуро

«Астанаға» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту үшін тағы бір ерлік жасау керек. Плэй-оффта оларды азуын айға білеген АПОЭЛ күтіп тұр. «Аңыздардың» құрылғанына келесі жылы 90 жыл болады, никосиялық ұжым, тіпті, Кипр футбол федерациясынан бұрын құрылған екен. Тек 1934 жылы осы АПОЭЛ-дің ықпалымен Кипрде федерацияның негізі қаланып, ішкі біріншілік бастау алған. Ал екі жылдан кейін алғаш рет олар алтын жүлдеге ие болады. Сол кезден бері олар 24 рет Кипр чемпионы атанды. Айта кетейік, соңғы төрт маусым бойы АПОЭЛ-ге қарсылас табылар емес. Никосиялықтар ел кубогының 21 дүркін иегері, сондай-ақ, Суперкубокты 13 рет жеңіп алған.

1948 жылы АПОЭЛ ойыншыларының жартысы Грекиядағы азаматтық соғысты қолдаса, жартысы қолдамай, нәтижесінде коммунизмді қалағандар өздеріне бөлек команда ашып алады. Атауы – «Омония». Содан бері көзқарастары екіге бөлінген АПОЭЛ мен «Омонияның» ойыны үлкен дербиге айналып, бір-біріне жау атанып кеткен.

Домингуш Пасиенсия баптайтын клубтың ішкі біріншілікте ғана емес, еуроаренада да мақтанар жетістігі бар. Кипрліктер анау айтарлық жетістікке Чемпиондар лигасының 2011/12 жылғы маусымында жеткен. Екінші електік кезеңінен басталған АПОЭЛ-дің еуросапары Чемпиондар лигасының ширек финалынан аяқталған. «Зенит», «Порту» және украиналық «Шахтермен» бір топқа түскен кипрліктер 9 ұпаймен бірінші орын алып, 1/8 финалда франциялық «Лионмен» кездескен. Француздарды пенальти сериясы арқылы жеңген олар ширек финалда мадридтік «Реалмен» күш сынасып, екі ойынның нәтижесі бойынша 2:8 есебімен тас-талқан болып жеңілді. 2014/15 маусымында да АПОЭЛ Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Үшінші електік кезеңінен бастаған олар  екі ойынның қорытындысы бойынша бізге жақсы таныс финляндиялық «ХИК-ті» жарыс жолынан шығарып жіберді. Ал плэй-офф сынында даниялық «Ольборгпен» түскен олар қарсыласын екі ойында 5:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен. Бірақ бұл жолы никосиялықтар «Барселона», «Аякс» және «ПСЖ-мен» бір квартетке түсіп, топта бір ұпаймен соңғы орын алды. Домингуш Пасиенсия шәкірттері биыл да аз дегенде сол жетістігін қайталамақ.

Қайрат көрсетер кез келді

«Бордо» (Бордо, Франция)

Франция чемпионы: 1949/50, 1983/84, 1984/85, 1986/87, 1998/99, 2008/09

Франция кубогының иегері: 1940/41, 1985/86, 1986/87, 2012/13

Франция Суперкубогының иегері: 1986, 2008, 2009

Француз лигасының кубогы: 2001/02, 2006/07, 2008/09

Еуропа лигасындағы (УЕФА кубогы) жетістігі: финалист – 1995/96

УЕФА клубтар рейтингісі: 80-орын

Стадионы: «Стад Бордо Атлантик», 43 000 жанкүйер

Ойыншыларының жалпы құны: 59,65 млн еуро

Алматылық «Қайраттың» Еуропа лигасы топтық кезеңіне шығуы үшін үлкен белестен өтуі керек. Владимир Вайсстың шәкірттеріне Франция чемпионатының белді клубы «Бордодан» айналып өту қажет. Тарихы 1881 жылдан бастау алғанымен, сол кезде футболдың кең таралмағанына байланысты «Бордо» алғашқы ресми матчын 1920 жылы ғана өткізген. «Қайраттың» қазіргі қарсыластары сол кездесуде 0:12 есебімен тас-талқан болып жеңіліпті. «Бордоның» үлкен жеңістері өткен жүзжылдықтың 49/50 жылдарына келеді. Францияның жоғары дивизионына жолдама алған алғашқы маусымында-ақ бордолықтар ішкі біріншілікте чемпион атанды. Осыдан кейін команда ұзақ уақыт бойы чемпонаттың алтын тұғырынан көріне алмай жүрді. Тек 1984 жылы Эме Жакенің тізгінді ұстауымен команда екінші рет чемпион болды. Артынша  1985, 1987 жылдары да команда біріншілікті алғашқы орынмен аяқтады. Осы кезеңдер «Бордоның» алтын жылдары болып саналады. Бүгінде команда сол кездегі қарқынын көрсете алмай жүрсе де, Францияда жүлделі орындарға жиі таласады.

Жоғарыда айтқан, «алтын жылдары» «Бордо» еурододада айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. 1984/85 жылғы Чемпиондар кубогында команда жартылай финалға дейін жетіп, италиялық «Ювентуске» жол берді. Араға екі жыл салып француздар Чемпондар кубогында сол жетістігін тағы да қайталады – бұл жолы команданы германиялық «Локомотив» клубы тоқтатты. Бордолықтар содан кейін ұзақ жылдар бойы Еуропада шу шығара алмай жүрді. Тек 1995/96 жылғы маусымда УЕФА Кубогының финалына шықты. Бірақ ақтық сында мюнхендік «Бавариядан» екі ойынның қорытынды бойынша 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Команда тарихында «Бордоның» намысын қорғаған атақты футболшылар аз емес. Бразилия сапында әлем чемпионы атанған Марсио Сантос, португалиялық шабуылшы Педру Паулета, сонымен қатар,  Франция құрамасымен өрге сүйреген бірнеше футболшылар бар: Сильвен Вильтор, Йоанн Гуркюфф, Дидье Дешам, Эрик Контана, Мариус Трезор, сондай-ақ, Зинедин Зидан.

Байқасаңыздар, «Астанаға» да, «Қайратқа» да оңай қарсылас түскен жоқ. Топтық кезеңге өту үшін екі клубымызға да нағыз сенсация жасауға тура келеді. Қарсыласының атағынан, бюджетінен сесекенбейтінін қос командамыз да биыл бірнеше рет дәлелдеді. Плэй-офф кезеңінде тағы да дәлелдейді деп үміттенейік!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или