Камбэк. «Астана» ХИК-ті әрең ұтты

Камбэк. «Астана» ХИК-ті әрең ұтты

Елордаық «Астана» футбол клубы финляндияның ХИК командасын 4:3 есебімен жеңіп, Қазақстан футболы тарихында қарғандылық «Шахтерден» кейін Еурокубоктардың топтық кезеңіне жолдама алған екінші команда атанды.

Ойын басталысымен финляндиялықтар келесі кезеңінен үмітті екендігін білдірді. Тіпті, 4-ші минутта Джаллоу есепті ашып кетті. Танакадан пас алып Эричпен жеке шыққан ол, «Астананың» сербиялық қақпашысынан айласын асырды. Бірден гол соғуға асыққан алаң иелерінің біраз мүмкіндігі болды. Бірде Таңаттың бағыттаған добы маңдайшадан биік кетсе, енді бірде Твумасидің соққысын Эрлунн қайтара білді.

42-ші минутта қонақтар есепте тағы да алға шықты. Нағыз үрейлі сәт осы кезде пайда болды. Қазақ жанкүйерлерінің Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығу арманы тағы бір жыл кейінге шегерілгендей. Бұрыштама добынан кейін қақпа маңындағы қарбаласты Гидеон Баа сәтті пайдаланып кетті. Есеп – 0:2 қонақтар пайдасын. Дегенмен де, Станимир Стойлов шәкірттері үзіліске дейін есеп айырмасын қысқарта алды. Патрик Твумасидің соққысынан кейін ХИК қақпашысы Даниэль Эрлунн өрескел қателік жіберді, қолына келген допты ұстап қал

Екінші таймда алаңға тағы бір шабуылшы Кабанангу шықты. Бір минут өтісімен қазақстандық команданың пайдасына 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Нүктеге келген колумбиялық ойыншы Каньяс мүлт кетпеді. 10 минуттан кейін алаң иелері есепте алға шықты. Дмитрий Шомконың сол қапталдан жасаған соққысы жойқын шығып, Даниэль Эрлунның мұңына айналды.

Бірақ осы голдан кейін бас төреші «Астана» командасына қасарысқандай. Алдымен 71-ші минутта Патрик Твумасидің қарсыласын ұрды деп алаңнан қуса, сосын ойын аяқталуға бірер минуттар қалғанда Ненад Эрич қорғаған қақпаға пенальти қойды. Себебі Марин Аничичтің қолмен ойнауы. Эрфан Зенели командасын жолдама алуға бір табан жақындатты - 3:3.

Алайда, финляндиялықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Алаңға тыңнан қосылған Абзал Бейсебековтың бұрыштама добынан кейін Евгений Постников қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Осылайша, драмаға толы ойында елордалық ұжым 4:3 есебімен жеңіске жетіп, кем дегенде Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл қарағандылық «Шахтерден» кейін еурокубоктардың топтық кезеңіне шыққан екінші көрсеткіш.

Астана (Астана, Қазақстан) – ХИК (Хельсинки, Финляндия) 4:3 Бірінші матч - 0:0

«Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Жуков (Кетевоама 88), Нөсербаев (Бейсебеков 60), Джолчиев, Илич (Кабананга 46), Твумаси, Постников, Шомко, Каньяс.

ХИК: Эрлунн, Баа, Хейккинен, Танака (Хейккила 90), Хавенаар, Морен, Джаллоу (Менди 78), Сорса, Шюллер, Зенели, Мусси.

Голдар: Джаллоу 4, Баа 42, Твумаси 44, Каньяс 46, Шомко 56, Зенели 86, Постников 90+3

Ескертулер: Илич 44, Морен 75

Алаңнан қуылды: Твумаси 71

Төрешілер: А.Йефет, Р.Хассан, С.Мазамбер (все-Израиль)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или