«Абердин» - «Қайрат» матчын «KAZsport» арнасы көрсете алмайды

Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясындағы алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Абердин» арасындағы кездесу трансляцияланбайды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қарымта кездесу 6 тамыз күні Абердин қаласында (Шотландия) өтеді.

«Шотландиялық телевизия өкілдері бұл ойынның түсірілімін өткізбейді. Бұл туралы «KAZsport» телеарнасының өкілдеріне жолдаған ресми хаттан белгілі болды. «Осы маусымда біздің командаларымыздың еурокубоктардағы матчтарын бірнеше рет көрсете алмай отырмыз, оларды көрсету үшін бар күшімізді салудамыз. «Абердин» мен «Қайрат» арасындағы матчты да көрсетуге мүмкіндік болмай тұр», - дейді «KAZsport» телеарнасының бас продюсері Павел Цыбулин.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Абердин» арасындағы бірінші кездесу 30 шілде күні Алматы қаласының Орталық стадионында өткен. Сол кезде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал, «KAZsport» телеарнасы матчты тікелей эфирден көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или