Криштиану Роналду: «Футболшылар ФИФА-ны сөз қылмайды»

Криштиану Роналду: «Футболшылар ФИФА-ны сөз қылмайды»

Футболдан әлем жұлдызы Криштиану Роналду футболшылардың киім ауыстыратын бөлмеде нені әңгіме қылатынын айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Менің шындықты айтқанымды қалайсыз ба? ФИФА-да менің шаруам жоқ. Мен өз жұмысымды жасаймын және клубым үшін бар күшімді саламын. Қалған нәрсенің бәрі маңызды емес. Сыртта не болып жатқанында шаруам жоқ.

Футболшылар киім ауыстыратын бөлмеде не туралы айтады? Музыка, әйелдер, сән, аяқ киім, сөмке, әшекейлер, шаш қию туралы... Сізге тағы нені айтып берейін?», - деді Роналду.

Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында ФИФА-да жемқорлыққа байланысты үлкен жанжал шығып, нәтижесінде президент Йозефф Блаттер орнынан кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или