русский язык
Бокс

Шілдеде Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді

Шілдеде Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты Астана қаласында өтетін болды. Байрақты бәсеке шілде айында болмақ, деп жазады Nur.kz Азия бокс конфедерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық ұйым ұсынған ақпаратқа сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты Астана қаласында 14-30 шілде аралығында өтеді.

Жастар арасындағы біріншілікке 2005 және 2006 жылы өмірге келген былғары қолғап шеберлері қатысады.

Ал 2007 және 2008 жылы туған балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста сынға түспек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;