ҚПЛ – 2015. Бірінші айналым немен есте қалды?

ҚПЛ – 2015. Бірінші айналым немен есте қалды?

Футболдан Қазақстан чемпионаты өзінің экваторына жетті. Енді ел біріншілігінің 12 командасы екі алтылыққа бөлініп, біріншісі – ел чемпионы атағына күрессе, екіншілері – Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін тартысады. «PROСПОРТ» тілшісі бірінші айналымның қызықты оқиғаларын еске алуда.

«Ақтөбенің» жеңіліссіз сериясы

Былтыр соңғы турда ел чемпионатының күміс жүлдесін «Қайраттың» қолынан жұлып алған ақтөбеліктер жаңа маусымды жақсы бастаған еді. Владимир Газзаевтің шәкірттері көп гол соқпаса да, өз қақпасына голды аз жіберді. Тіпті ел біріншілігінің 20-шы турына дейін «Ақтөбе» жеңілмей келген. Ішкі чемпионатта бәрі жақсы болса, керісінше еурокубокта бес дүркін ел чемпионы ұятқа қалды. Бір миллион доллар бюджеті бар Эстониялық «Нымме Кальюнің» қақпасына бір гол соға алмаған «Ақтөбе» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде-ақ жарыспен қоштасты. Бірден ресейлік маман Владимир Газзаев қызмет орнын босатты. Тура сол ойыннан кейін «Ақтөбе» алғаш рет ел чемпионатында сүрінді. «Ертіс» өз алаңында ерлік жасап, турнирдің көш басындағы команданы ұта алды. Артынша, «Ақтөбе» «Шахтерден» жеңілді. Сонымен қатар, жуырда команданы румыниялық маман  Йоан Андоне қолға алған. Жаңа бас бапкердің қол астында ақтөбеліктер Батыс қазақстандық дербиде «Атырауды» жеңді. Осылайша, «Ақтөбе» бірінші айналымды үздік үштікте аяқтады.

«Кеншілерге» не болды?

Осыдан екі жыл бұрын Еуропада шу шығарған «Шахтер» футбол клубының қазіргі жағдайы мәз емес. «Кеншілер» биыл барша қазақстандықтарды сәтсіз нәтижесімен таң қалдырды. Виктор Кумыковтың орнын басқан Владимир Чебурин жаңа маусым алдында командаға бірталай жаңа ойыншыларды шақырған болатын. Бірақ, өкінішке қарай бұл трансферлер сәтсіз болып шықты. Тринидад және Тобаго елінің орталық қорғаушысы Дэвид Обри мен бразилиялық жартылай қорғаушы Педро Петраццидің келуімен қарағандылық команда турнир кестесінің соңғы орыннан бірақ табылды. Бұған себептер көп: команданың негізгі ойыншылары Финонченко мен Василевичтің жарақаттары, қаражат мәселесі, мықты қақпашының болмауы және тағы басқа. Александр Мокин жоқта «Шахтердің» қақпасына отызға жуық гол кірді. Осы себептен «Шахтер» бас бапкерді ауыстырған болатын. Чебуриннің орнына Игорь Захаряк келді. Соңғысының қызметке тағайындалуымен «Шахтердің» ойыны біраз түзеліп, команда соңғы орыннан 10-шы сатыға көтерілген болатын. Енді «кеншілердің» басты мақсаты – Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу.

Владимир Мухановтан тосын сый

«Оқжептес» биылғы маусымда көп қуантты фанаттарын. Бірінші лигадан жоғарғыға ауысқан көкшетаулықтар чемпионаттың басында біраз уақыт бойы үздіктер қатарында жүрген еді. Қатарында ТОП деңгейдегі ойыншылары жоқ болса да, «Оқжетпес» өзін мықты қырынан көрсетті. Әлібек Бөлешев бастаған жігіттер ұзақ уақыт бойы көшбасшы командалардың қатарында жүргенімен, ақырында үздік алтылыққа ене алмады. Соңғы турда «Ертіс» Владимир Мухановтың командасын артта қалдырды. Тағы бір қызық жайт, жаңа маусым алдында «Оқжептеске» белгілі ресейлік футболшы Дмитрий Сычев келген болатын. Ресейлік "жұлдыздан" қайыр болмады, жарты жылда бір-ақ гол соға алған «Марсельдің» бұрынғы шабуылшысы қазірде бос уақыт өткізіп жүр. Есесіне черногориялық шабуылшы Роткович 10 голмен сұрмергендер тізімінде екінші орында келеді.

«Ертістің» ерлігі

Мадридтік «Реалдың» ресейлік легионері Денис Черышевтің әкесі Дмитрий былтырғы маусым аяқталар тұста «Ертістің» тізгінін ұстаған болатын. Ресейлік маман жаңа маусым алдында өз қатарына Александр Кислицын мен Самат Смақовты қосқан болатын. Сондай-ақ, тағы басқа мықты легионерлер командаға келген еді. Ел чемпионатының медалінен дәмелі болған «Ертіс» бастапқы бес ойында төрт ұпай жинап, турнир кестесінің ортасында жайғасты. Артынша, керекулік клубтың көрсеткіші төмендей берді, соның кесірінен Дмитрий Черышев өз орнын болгариялық Димитар Димитровқа босатты. Бірден команданың нәтижесі жақсара бастады, ал «Ертіс» болса аутсайдер командадан үздік алтылыққа еніп, нағыз ерлік көрсетті. Енді бес дүркін ел чемпионы екінші айналымға дайындалып, еурокубоктық зонаға іліну үшін бар күшін салады.

Қайсарым қайда?

Былтыр ғана ел чемпионатында жап-жақсы ойнаған «Қайсар» биыл Бірінші лигаға ұшуға жақын тұр. Дмитрий Огайдың командасына не болғанын түсіндіру қиын, біреуі – бұған қаражат мәселесі себеп десе, кейбіреулері – ойыншылар әлсіз дейді. Соған қарамастан қызылордалық ұжым чемпионат басында тәп-тәуір келе жатқан, бірақ сосын нәтижелер төмендей бастады. Көп ұзамастан команда турнир кестесінің соңғы сатысына орналасты. Ал бірінші айналымның аяқталуына санаулы турлар қалғанда команда директоры Руслан Балтиев пен бас бапкер Дмитрий Огай өз еркімен қызметтерін босатты. Әзірге «Қайсардың» тізгінін кім ұстайтыны белгісіз.

Никитенко бастаған «Атырау»

«Мұнайшылар» биылғы маусымның сенсация командаларының бірі. Владимир Никитенко бастаған жігіттер «Ақтөбемен» қатар ұзақ уақыт бойы жеңілмей келген. Тіпті үздік үштікте соңына дейін жүрді. Тек бірінші айналымның соңында ғана атыраулықтар жеңіле бастады. Григорьев, Эссаме, Диакате, Байжанов, Аржанов пен Нәрзіқұлов сияқты мықты ойыншылардың арқасында «мұнайшылар» әдемі ойын көрсетіп, үздік алтылыққа әділетті енді. Былтыр ғана команданың тізгінін ұстаған Владимир Никитенко «Атыраудан» мықты команданы жасақтады. Гоу немесе Каньяс сияқты мықты ойыншысы болмаса да, «мұнайшылар» нағыз командалық ойын көрсетуде.

Шабуылдан қорғанысқа – бір қадам

Биыл шымкенттік командаға Виктор Кумыков келген болатын. Көп жылдар бойы «Шахтерде» тер төккен ресейлік маман «Ордабасының» ойын стилін бірден өзгертті. Ең алдымен қорғанысты түзететін Кумыков шымкенттік клубқа Симчевич пен Малыйды шақырды. Сондай-ақ, Александр Сидельников, Бранислав Трайкович пен Александр Гейнрих «Ордабасыға» ауысты. Виктор Кумыковтың жаңа командасы нағыз «Шахтердің» стилінде ойнай бастап, тіпті ұзақ уақыт бойы жеңілмей келді. Содан соң Еуропа Лигасы басталды, онда бірінші айналымнан аса алмаған «Ордабасы» ел біріншілігінде сәтсіз өнер көрсете бастады. Қазірде, «Ордабасы» ең аз гол жіберген үш команданың қатарында, бұл Виктор Кумыковтың еңбегі. Десек те, шымкенттік команда гол соғу тұрғысында қиналып жүр. «Ордабасы» үздік алтылыққа еніп, бірінші айналымды бесінші орында аяқтады.

Көшбасшы дуэт

«Астана» мен «Қайраттың» қарқыны көз қуантарлық. Қос ұжым да еурокубоктық бәсекеде сәтті келеді. Ел чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетуде, «Қайрат» бірінші орында келе жатса, «Астана» – екінші. Ел чемпионатының алтын медальін қос команданың біреуі алатынына күмән жоқ. Себебі, «Қайрат» пен «Астана» қаржылық тұрғыда Қазақстандағы ең бай командалар, қатарында мықты легионерлері бар, бұған қоса инфрақұрылымдары жақсы. Тіпті екеуіде еурокубоктың топтық кезеңіне шығуы әбден ықтимал, «Астана» бұл үшін өз алаңында ХИК-ті жеңуі керек, ал «Қайрат» үшін біраз ерлік көрсету қажет. Алматылық ұжым «Абердинді» ұтып жатса, келесі айналымда дортмундық «Боруссия» немесе «Краснодар» сияқты мықты командаға түсуі мүмкін. Тағы бір айта кетер жайт, бұл алматылық команданың сұрмергені – Жерар Гоу. Бұрын-соңды Қазақ елінде мұндай шабуылшы болған емес. Жалпы ивуарлық голеадор бірінші айналымда 18 гол соғып үлгерген екен. Бұл деген сұмдық нәтиже. Мәселен, былтыр Фокси Кетевоама он алты голмен ел біріншілігінің үздік сұрмергені атанған болатын. Қазірдің өзінде Жерар Гоудың 30 гол соғатын жақсы мүмкіндігі бар. Алда – екінші айналым.

Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық

«Тараз», «Тобыл» мен «Жетісу» жыл сайын ортаңғы командалардың қатарында жүр. Міне, биыл да үш ұжым үздік алтылыққа ене алмай, енді Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін күш сынасады. Бұл тұрғыда «Тобыл» мен «Тараз» фаворит көрінсе, «Жетісу», «Қайсар» мен «Шахтер» өзара Бірінші лигаға түспеу үшін күреспек. Бұл дегеніміз екінші алтылықтағы матчтар қызық болатынын аңғартады.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или