«Барселона» клубтық телевизиясын жабады. 150 қызметкер жұмыссыз қалады
«Барселона» осы маусымнан кейін клубтық телевизиясын жабады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Diario Sport ақпараты бойынша, «Барселона» басшылығы Movistar Televisión платформасымен маусымның соңында аяқталатын келісімшартын ұзартпайды. Barça TV телеарнасының жабылуына байланысты 150 қызметкер жұмыссыз қалады - бұл бейсенбіде басшылықпен кездесу кезінде хабарланды.
«Барселона» басшылығының шешімі Ла Лиганың қаржылық фейр-плейге қатысты талаптарына байланысты болып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или