«Астананың» бұрынғы бапкері қай елде жұмыс істегісі келетінін айтты

«Астананың» бұрынғы бапкері қай елде жұмыс істегісі келетінін айтты

Болгариялық бапкер Станимир Стоилов қай елде жұмыс істегісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты legalbet.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда грекиялық БАҚ маманға «Арис» клубы қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған, бірақ клуб бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Жақында «Левскиден» кеттім, қазір жаңа команда іздеп жүрмін. Белгілі бір жағдайда грек футболы мен жұмыс істей алатын орта екенін білемін. Осы елдің үлкен командасынан ұсыныс түссе, бас тартпас едім», - деді маман.

Айта кетейік, Станимир Стоилов «Астананы» жаттықтырған кезде төрт рет Қазақстан чемпионы атанып, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или