Неймар «Челсиге» ауысуы мүмкін
«Пари Сен-Жермен» футбол клубының бразилиялық шабуылшысы Неймар мансабын «Челси» сапында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойыншының трансфері жазғы трансферлік кезеңде жүзеге асуы мүмкін. «Челсидің» қожайыны Тодд Боэли 2023 жылдың басында «ПСЖ» президенті Насер әл-Хелайфимен кездесу өткізіп, 31 жастағы бразилиялықтың ауысу мүмкіндігін талқылады.
Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Бразилиялық футболшының париждік клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.
Айта кетейік, Неймар осы маусымда 29 ойынға қатысып, 18 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или