«Ордабасы» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч туралы пікір білдірді
«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан Чемпионатының 7-туры аясындағы «Қайратқа» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Өте тартысты, екі команданың деңгейін сәйкес ойын болды. Десе де командалардың ойын өрнегі әр түрлі. Күрес жағынан жақсы ойнадық, әсіресе екіншң таймда. Алғашқы таймда бір қалыпты ойнадық. Шабуылда баяу қимылдадық. Бұл біздің кінәміз.

Ойынның екінші бөлігінде өзгеріс енгізуге тырыстық. Тез арада ойынға оралып, есепте алға шыққан да едік. Өкінішке қарай, әзірге мен шеше алмай жатқан проблема бар. Қорғаныстың бір қапталында жүйелі проблема болып жатыр. Қауіптің қай жақтан болатынын айтып жеткізе алмадық.

Исламханның жарақаты команда үшін шок болды. Ойынға әсерін де тигізді. Бізге оның күш-қуаты жетпеді. Өйткені шабуыл шебінде оның маңызы өте зор. Өкінішке қарай, әзірге қатардан шығып қалды. Дегенмен жарақаты аса ауыр емес деп үміттенемін.