Хоккейден әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы төртінші рет жеңіліп қалды

Хоккейден әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы төртінші рет жеңіліп қалды

Хоккейден әйелдер арасында Сувонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионаты I дивизионының В тобындағы 4-тур матчында Қазақстан құрамасы Польша құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:3 есебімен Польша құрамасының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін біздің команда Ұлыбритания (0:1), Словения (1:2) және Италия (0:3) құрамаларынан жеңілген болатын. Қазақстандық хоккейшілер әлем біріншілігіндегі келесі ойынын 23 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:45-те Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан– Польша 2:3 (1:1, 0:0, 1:2)

1:0 – Молдабай (Филимонова, Оразбаева) – 06:30
1:1 – Чрапек (Позневска, Чарнецка) – 12:40
1:2 – Чрапек (Онищенко, Позневска) – 40:32
2:2 – Голотвина (Козгулова) – 54:41
2:3 – Позневска (Дзивок) – 59:22

Қақпашылар: Щеколова - Сасс

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или