ҚКФЛ «Ақсу» - «Астана» матчы кейінге шегерілгені туралы ресми түрде мәлімдеді
ҚКФЛ «Ақсу» - «Астана» матчын 15 маусымнан 24 мамырға ауыстыру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі «Астана» футбол клубының өтінішін ескеріп, «Ақсу» футбол клубының тиісті келісімімен Қазақстан Чемпионатының XIV турының «Ақсу» - «Астана» ойынын 2023 жылғы 15 маусымнан 24 мамырдағы резервтік күнге ауыстыру туралы шешім қабылдады», - делінген лиганың мәлімдемесінде.
Еске салайық, 19 сәуірде өткен ойында «Астана» Қазақстан кубогы аясындағы кездесуде «Қайсарды» 5:1 есебімен жеңген болатын. ҚПЛ-дағы кейінгі матчында елордалықтар өз алаңында «Қайратқа» 0:3 есебімен есе жіберген болатын.
<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или