Арсен Венгер алғаш рет Моуриньоның командасынан басым түсті

Футболдан Англия Суперкубогын Лондон қаласының «Арсенал» командасы жеңіп алды. Олар бүгін «Челси» командасынан басым түсті.

«Уэмблиде» өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз допты 24-минутта жартылай қорғаушы Алекс Окслейд-Чемберлен соқты.

«Арсенал» сапында «Челсидің» бұрынғы қақпасы чехиялық Петр Чех өнер көрсетті.

«Арсенал» командасының бас бапкері Арсен Венгер бұрын-сонды әріптесі Жозе Моуринью жаттықтырған команданы жеңіп көрмеген. Португалия маман «Арсеналдан» 13 матч бойы ұтылмай келген еді. Бүгін алғаш рет ұтылды.

Айта кетейік, Англия Суперкубогы1908 жылдан бері сарапқа салынып келеді. Бұл трофейді ең көп жеңіп алған команда «Манчестер Юнайтед». Олар осы уақытқа дейін 20 рет ұтқан. Ал «Арсенал» осымен екінші рет жеңіске жетіп отыр.

Арсенал – Челси – 1:0

Гол: Окслейд-Чемберлен, 24(1:0).

Арсенал: Чех, Бельерин, Мертезакер, Косельни, Монреаль, Касорла, Кокелен Рэмси, Озил (Гиббз, 82), Окслейд-Чемберлен (Артета, 78), Уолкотт (Жиру, 66).

Челси: Куртуа, Иванович, Кэхилл, Терри (Мозес, 82), Аспиликуэта (Зума, 70) ,Рамирес (Оскар, 54), Фабрегас, Матич, Виллиан, Реми (Фалькао, 46), Азар.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или