Данил Устименко: Маған гол жібермей, тең түскеннен гөрі 3:2 есебімен жеңіске жету маңыздырақ

Данил Устименко: Маған гол жібермей, тең түскеннен гөрі 3:2 есебімен жеңіске жету маңыздырақ

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында <span>«Астанаға» қарсы жеңістің маңызын, гол соғуға деген ниеті туралы айтты.</span>

- Жеңіс құтты болсын! Өткен маусымда елордалықтармен екі кездесу де сәтсіз болғанын ескерсек, «Астананы» жеңу қаншалықты маңызды болды?

- Көп рақмет. Әрине, өткен маусымда «Астанаға» қарсы матчтар қалай өткенін ескерсек, жанкүйерлерімізді қуантуға жігерленіп, жеңіске ұмтылдық. Біз күн сайын алға жылжыа, жақсарып келе жатқан жас командамыз. Бізге қателіктерімізден сабақ алу және оларды қайталамау өте маңызды.

Ойынға келер болсақ, ойынның алғашқы минуттарынан-ақ біз қарсыласқа белсенді түрде қысым көрсеттік, бұл бізге ерте гол соғуға көмектесті. Бұл матч бойы өз ойынымызды қарсыласқа таңуға мүмкіндік берді. Белсенді түрде қысым жасадық және қорғаныстан шабуылға жылдам өттік.

- Қарсылас бұл ойында шабуылда көп әрекет ете алмады. Командаңыздың қорғаныстағы ойынын қалай бағалайсыз?

- Менің ойымша, біз қорғаныста жақсы ойнадық, бірақ сонымен бірге шабуылда да өте жақсы әрекет еттік, бұған матчтың қорытынды есебі дәлел. Доп қарсыласта болған кезде біз бүкіл командамен қорғанамыз, шабуылға да бүкіл командамен шығамыз.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202304/201104_b006424a89b6d08fba0ebefe32d08577.webp" /></picture>

- Бұл кездесу де осы маусымдағы алғашқы құрғақ матчың болды. Қақпашылар бұған мән бере ме? Әлде команданың жетістігі маңыздырақ па?

- Әрине, қақпашылар мұндай нәрселерге мән береді, бірақ мен оған аса назар аудармаймын. Футбол ойнамайтын сандар емес. Маған командалық табыс әрқашан бірінші орында болды және солай болады. Маған гол жібермей, тең түскеннен гөрі 3:2 есебімен жеңіске жету маңыздырақ.

- Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Кирилл Кекер «Қайрат» қорғанғанда алаңда 11 қорғаушы, ал шабуылдағанда 11 шабуылшы болатынын айтты. Қарсыластарыңыздың қақпасына гол соғуға ниетіңіз бар ма?

- Менің ойымша, кез келген қақпашыда сондай ниет бар, мен де сол қатардамын. Мансабымда қарсыластар қақпасына бірнеше рет доп соға аламын деп үміттенемін.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202304/201104_71cab3c81a4e3d7486bd3ccc5570e14e.webp" /></picture>

Фото: «Қайрат» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или