«Манчестер Сити» мен «Интер» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

«Манчестер Сити» мен «Интер» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

19 сәуірде Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында «Бавария» мен «Манчестер Сити» және «Интер» мен «Бенфика» арасында қарымта кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бавария» өз алаңында «Манчестер Ситимен» 1:1 есебімен тең түсті. Қос ойын қорытындысында 4:1 есебімен манчестерлік комагда жартылай финалға шықты. 

«Бавария» (Мюнхен, Германия) – «Манчестер Сити» (Англия) 1:1 (0:0). Бірінші матч – 0:3
Гол соққандар: 
0:1 – Холанд (57), 1:1 – Киммих (83, пен)

Параллель өткен матчта «Интер» өз алаңында «Бенфикамен» 3:3 есебімен тең ойнады. Алғашқы ойында италиялық команда жеңіске жеткен (2:0). Осылайша «Интер» жартылай финалға жолдама алды.

«Интер» (Милан, Италия) – «Бенфика» (Португалия) 3:3 (1:1)
Гол соққандар: 
1:0 – Барелла (14), 1:1 – Эурснес (38), 2:1 – Мартинес (65), 3:1 – Корреа (78), 3:2 – Силва (86), 3:3 – Муса (90+5)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или