ЧЛ: «Милан» «Наполиді» ширек финалда жарыс жолынан шығарды
Чемпиондар лигасының 1/4 финалының екінші ойынында «Наполи» мен «Милан» тең ойнады - (1:1), деп хабарлайды Prosports.kz.
43-минутта бірінші голды Рафаэль Лионың пасы арқылы Оливье Жиру соқты. 22-минутта Жиру пенальтиді орындай алмады. «Наполи» де 11 метрлік доп тебу құқығына ие болды, бірақ 82-минутта Хвич Кварацхелия нүктеден гол соға алмады. Соңында Виктор Осимхен таразы басын теңестірді.
«Милан» екі матч қорытындысы бойынша 2:1 есебімен ұтып Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.
1/2 финалда «Милан» Бенфика-Интер кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или