ЧЛ: «Реал» «Челсиді» екінші рет ұтып, жартылай финалға шықты

ЧЛ: «Реал» «Челсиді» екінші рет ұтып, жартылай финалға шықты

Лондондық «Челси» Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында өз алаңында «Реалды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Стэмфорд Бриджде өтті. Кездесу 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.

Лондондық команданың қақпасына соққан екі голды да 58 және 80-минуттарда вингер Родриго соқты.

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жартылай финалына өтті. Мадридтіктердің қарсыласы «Бавария» - «Манчестер Сити» кездесуі аяқталған соң белгілі болады. Алғашқы кездесуде ағылшындар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта ойын бүгін, 19 сәуірде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или