УЕФА рейтингісінде жағдайымыз қалай?

Еурокубоктың үшінші електік кезеңінің алғашқы ойындарынан кейін қазақстандық қос ұжым «Қайрат» пен «Астананың» плэй-офф кезеңіне жолдама алуына мүмкіндіктері мол. Клубтардың табысты нәтижелері Қазақстанның УЕФА футбол қауымдастықтары рейтингісінде әлі де жоғарылауына жол ашады. «PROСПОРТ» тілшісі аталмыш рейтингісінде еліміздің қанша сатыға көтеріле алатынын бағамдап көрді.

Әр қауымдастықтың рейтингісіндегі орны сол елдің намысын қорғайтын клубтардың соңғы бес маусымдағы нәтижелеріне байланысты анықталады. Артынша сол рейтингінің көрсеткіші бойынша клубтардың еурокубоктарды қай кезеңнен бастайтыны белгілі болмақ. Білмейтіндер бар болса, бірден түсіндіре кетейік. Еурокубоктардың електік кезеңдерінде жеңіске жеткен командаға 1 ұпай берілсе, тең есепке – 0,5. Бір елдің клубтары жинаған ұпайлар қосылып, ол арифметикалық көрсеткіш бойынша бөлінеді. Мысалы, былтыр Қазақстанның намысын қорғаған «Ақтөбе», «Астана», «Қайрат» және «Шахтер» бірігіп жүріп, 13, 5 ұпай жинады. Еліміздің атынан төрт команда шыққан соң, сол ұпай, тиісінше, төртке бөлініп, маусым соңында 3.375 ұпай Қазақстанның еншісінде кетті. Осылайша соңғы бес маусымның ұпайлары бойынша рейтинг жасалады.

Сонымен, былтыр 32-орынға дейін көтерілген Қазақстан үздік отыздыққа кіруден дәмелі. Әзірше, еліміз тізімнің 31-орнында тұр. Өкінішке қарай, биыл «Ақтөбе» мен «Ордабасы» екеулеп жүріп бір ұпай жинады да, еурокубок маусымын ерте аяқтап кетті. Ендігі үмітіміз – «Астана» мен «Қайратта». Үшінші електік кезеңінің алғашқы ойындарынан кейін Қазақстанның еншісінде 1,625 ұпай бар. Қазақстандық клубтар жалпы алғанда бес ойынды жеңіспен аяқтап, үш ойында тең түскен. Ұпай саны – 6,5. Енді рейтингіде көршілес орналасқан елдердің жағдайларын бағадамдап көрейік.

32-орында Лихтейнштейн келе жатыр. Бұл елде ішкі чемпионат болмағаннан кейін, Кубокты жеңіп алған команда ғана Еуропа лигасында өнер көрсете алады. Сондықтан, Лихтейнштейннің намысын тек «Вадуц» қорғауда. Алғашқы екі електік кезеңінің төрт матчында да жеңіске жетіп, артынша «Тунмен» қонақта тең түскен «Вадуц» бір өзі Лихтейнштейннің еншісіне 4,5 ұпай сыйлады (Салыстырмалы түрде айтайық, Қазақстанның төрт клубының биылғы ұпайлары – 6,5 ). Швейцария чемпионатында өнер көрсететін лихтейнштейндік клуб осы бетінен таймаса, ішкі біріншілігі жоқ кішкентай ғана мемлекет алдымызға шығып кетуі ғажап емес.

30-орында Словакия қауымдастығы келе жатыр. Бұл елдің әлі де үш командасы еурокубок сапарын жалғастыруда. «Тренчин», «Слован», «Спартак» және «Жилина» төрттігі жалпы алғанда 12 матчта жеңіске жетіп, 2 ойында тең түскен (13 ұпай, орташа көрсеткіші – 3, 250). Бағымызға орай, «Тренчин» Чемпиондар лигасынан бірден ұшып кетсе, «Слован» мен «Спартак» үшінші електік кезеңінен әрі өтпеуі әбден мүмкін. Олардың ендігі үміті – тек «Жилина». Сондықтан, біздің клубтардың біреуі топтық кезеңге жолдама алып жатса, рейтингіде словакиялықтарды басып оза аламыз.

Словакиядан бір сатыға жоғарыда тұрған – Әзірбайжан. Олардың да намысын әлі 3 команда қорғап жатыр. «Нефтчи», «Габала», «Интер» және «Карабах» квартеті жалпы алғанда 4 ойында жеңіске жетіп, 7 матчты тең аяқтаған. Осылайша олар 7,5 ұпай жинап отыр (орташа көрсеткіші – 1,875). Әзірбайжандықтардан «Габала» мен «Карабах» қана еурокубоктық сапарын жалғастыруға жақын. «Нефтчи» Еуропа лигасының бірінші електік кезеңінде-ақ ұшып кетсе, бакулік «Интердің» испаниялық «Атлетиктен» өтуі тым күмәнді көрінеді.

Рейтингінің 28-орнында Сербия келе жатыр. «Чукарички», «Црвена Звезда», «Партизан» мен «Войводина» клубтары 7 рет жеңіске жетіп, 4 тең нәтижеге қол жеткізген.Сербиялықтардың қоржынына 9 ұпай, орташа көрсеткіші – 2.250. Бұл төрттіктен бүгінде тек екеуі ғана жарысты жалғастырып жатыр – «Партизан» (Чемпиондар лигасы) мен «Войводина» (Еуропа лигасы). Бұл екеуі де өздері қатысып жатқан турнирлердің плэй-офф кезеңіне өтуге жақын. Сондықтан рейтингіде сербиялықтарды қуып жету тым қиын болады.

Міне, тізімде бізге жақын орналасқан елдердің нәтижелері осындай. Биыл еурокубоктың топтық кезеңіне өтуді жоспарлап отырған қазақстандық қос клуб мерейімізді үстем қылып, келесі маусымды үздік отыздықтың қатарында бастаймыз деп үміттенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или