«Астананың» қарсыласы «Ливерпульден» жеңіліп қалды

Финляндиялық ХИК ағылшынның «Ливерпуль» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Хельсинки қаласында өткен матч 2:0 есебімен «қызылдардың» пайдасына шешілді. «Ливерпуль» сапында Дивок Ориги мен Филиппе Коутиньо гол салды.

Естеріңізге сала кетсек, 5 тамызда Чемпиондар лигасы үшінші електік кезеңінде «Астана» мен ХИК арасындағы қарыма ойын өтеді. Финляндия астанасында өткен алғашқы матчта командалар гол сала алмай, 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или