Сағадат Тұрсынбай: Екі командада да бірдей мүмкіндік болды
Қазақстан Olimpbet-Чемпионатының 6-туры аясында өткен "Шахтерге" қарсы матч жайлы "Мақтаарал" қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай айтып берді.
- "Шахтер" жақсы команда. Биылғы маусымда қажетті деген жақсы ойыншыларды жинаған.
Матчқа келетін болсақ: 1-таймда біздің тарапымыздан бірнеше қателіктер орын алды. "Шахтёр" командасы сол қателігімізді жақсы қолданды және гол салды. Екі командада да бірдей мүмкіндік болды. Олар гол салды, біз сала алмадық.
- Қарсыластың қай ойыншысы көбірек қауіпті болды?
- Білесіздер футбол командалық ойын. Сол себепті бір ойыншыны жеке дара алып қарау қиындау. "Шахтёр" командасы барлығы бір-біріне көмектесіп жақсы ойнады және жеңіске жетті.
- Одилжон Абдурахмановқа берілген "қызыл қағаз" туралы не айтасыз?
- Футбол текетіреске толы ойын. Ондай ойында төреші шешім қабылдайды. Төреші "қызыл қағаз" берген болса, демек ол жерде қызыл қағазға тартатын сәт болды деген сөз.