«Реалдың» бұрынғы ойыншысы Хамес Родригес командасыз қалды

«Реалдың» бұрынғы ойыншысы Хамес Родригес командасыз қалды

<span>Колумбия құрамасының бұрынғы капитаны Хамес Родригес клубсыз қалды. Бұл ақпаратты жартылай қорғаушының соңғы өнер көрсеткен клубы грекиялық "Олимпиакостың" баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында растады. </span>

<span>Белгілі болғандай, 31 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған. </span>

<span>Хамес Родригес "Олимпиакоспен" 2022 жылдың қыркүйегінде келісімшартқа отырған. Ол аталған ұжым сапында 23 матч өткізіп, бес гол соқты және алты нәтижелі пастың авторы атанды. </span>

<span>Айта кетейік, Хамес Родригес мансабында "Порту", "Монако", "Реал Мадрид", "Бавария", "Эвертон" секілді клубтарда доп тепкен. Оның соңғы өнер көрсеткен командасы грекиялық - "Олимпиакос".</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или