Жәмилә Бақбергенова екінші рет Азия чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Жәмилә Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Бақбергенова жапониялық Сумире Никураны жеңді. Бұған дейін олар өткен жылы Уальн-Батордағы (Моңғолия) Азия чемпионатының финалында кездесіп, ол кезде де қазақ қызы басым болған.
Бақбергенова осы турнирде Азияның қазіргі чемпионы мәртебесінде өнер көрсетті, бұған дейін 2021 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында күміс, 2020 жылы Нью-Делиде тағы бір алтын медаль алды.
Отандық турнирде қазақстандық әйелдер барлығы 2 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или