Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты

Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін жерлесіміз жартылай финалда моңғол спортшысы Даваасанана Энк Амараны 11:1 есебімен жеңді.

Финалда Бақбергенова жапониялық Сумире Никурамен кездеседі. Бұған дейін олар былтыр Уальн-Баторда (Моңғолия) өткен Азия чемпионатының финалында кездесіп, қазақстандық алтын медаль алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или