Шетелдік клуб «Ақтөбенің» жас талатына көз тігіп отыр
Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» шабуылшысы Максим Самородов мәскеулік «Спартактың» кеңейтілген трансферлік тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Metaratings.ru сайтының мәліметінше, 19 жастағы футболшы ресейлік клубтың назарынына ілікті. Мәскеулік скауттар Самодовтың ойынын тамашалап, «Спартак» өкілдері ақтөбеліктермен байланысқа шыққан.
Айта кетейік, Максимнің клубпен келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады. Вингер осы жылы Премьер-Лиганың барлық бес ойынына қатысып, төрт гол соқты. Сондай-ақ Самородов ұлттық құрама сапында екі матчқа қатысып, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или