Видео. Бақтиер Зайнутдинов РПЛ-да осы маусымдағы алғашқы голын соқты

Видео. Бақтиер Зайнутдинов РПЛ-да осы маусымдағы алғашқы голын соқты

Қазақстан құрамасының футболшысы Бақтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының 22-тур матчында 37-минутта гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жартылай қорғаушы қақпашымен бірге-бір кездесіп, допты қақпаға сәтті бағыттады.

Бұл Бақтиер Зайнутдиновтың ЦСКА сапында осы маусымдағы алғашқы голы. Ол 21 матч өткізіп, бір гол соқты. Ол 2020 жылдан бері мәскеулік клуб сапында өнер көрсетеді. Transfermarkt порталы бойынша ойыншыны 5 миллион еуроға бағалап отыр. 25 жастағы футболшы Қазақстан құрамасы сапында ең қымбат ойыншылардың бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или