ХИК-тің қорғаушысы Валттери Морен мансабын бельгиялық «Беверенде» жалғастырады

ХИК командасының қорғаушысы Валттери Морен «Астанаға» қарсы қарымта ойыннан кейін бельгиялық «Беверенге» ауысады, деп хабарлайды «PRОСПОРТ».

Бұл туралы финляндиялық клубтың ресми сайтынан белгілі болды.

Тамыздың 6-ы финляндиялық ойыншы жаңа командасына қосылады. Осылайша, 5-ші тамыз күніне жоспарланған Астанадағы ойын 24-жастағы қорғаушының ХИК сапындағы соңғы кездесуі болмақ. Жалпы, Валттери Финляндия чемпионатында 79 матчқа қатысып бес гол соққан екен.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» сырт алаңда ХИК-пен тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или