«Барселона» келесі маусымда «Монжуик» стадионында өнер көрсетеді

«Барселона» келесі маусымда «Монжуик» стадионында өнер көрсетеді

«Барселона» Испания футбол федерациясына келесі маусымда «Камп Ноу» стадионында матч өткізбейтіні туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялық клуб аренаны қалпына келтіруді бастап жатыр және осы себепті 2023/24 маусымын «Монжуик» стадионында өткізеді.

«Барселона» «Камп Ноуда» 2024 жылдың қарашасына дейін өнер көрсете алмайды.

«Монжуик» стадионы 1927 жылы салынған. Оған 55 926 көрермен сыяды. 1997 жылдан 2009 жылға дейін бұл аренада «Эспаньол» өз алаңындағы матчтарын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или