Евгений Савин SD Family-де: Жаңа ойыншыны таныстыру рәсімі қалай өтті
Танымал ресейлік блогер, бұрынғы футболшы Евгений Савин қазақстандық SD Family медиа-командасының қатарына қосылды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жаңа ойыншыны таныстыру рәсіміне Евгений Савиннің өзі және клуб президенті Дидар Сыдықбек қатысты. Ресейлік блогер Қазақстандағы футбол және медиа футбол туралы барлық сұрақтарға жауап берді.
Таныстыру рәсімінде Дидар Сыдықбек клуб серіктесі Jusan-ға алғысын жеткізді. Команда мен серіктесі әртүрлі футбол турнирін өткізіп, футзалдан жарыс бастады. Бір ай бұрын Астанада “Своя лига” футзалдан турнирі өтті. Дидар Сыдықбектің айтуынша, Jusan көмегінің арқасында SD Family Қазақстанда танымал бола түсті.

Сондай-ақ Дидар Сыдықбек ресейлік блогер Евгений Савиннің тәжірибесі команданың дамуына әсер ететінін айтты.
- Танымал футбол блогері бізге қосылғаны қуантады. Оның тәжірибесі мен білімі SD Family командасын дамуына көмегін тигізеді.
Өз кезегінде Евгений Савин командаға шақырғаны үшін Дидар Сыдықбекке алғысын білдірді.
- Командаға қосылғаныма қуаныштымын. SD Family туралы айтатын болсақ, клуб президентімен мақсатымыз бір екенін айта кеткім келеді. Қазақстанда үлкен медиа-турнир өткізгіміз келеді. Жарысқа қатысып, шетел командаларын шақырсақ дейіміз. Мұның бәрі мүмкін. Қазақстанда турнир өткізу өте қызық идея.
Бұған қоса ресейлік блогер Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан - Словения матчына қатысты.
Дидар Сыдықбек жаңа жасөспірімдер футбол лигасы – QJ лигасын қолдауды жоспарлап отырғанын айтты. Оның пікірінше, мұндай жобалар Қазақстанда футболдың дамуына ықпал етеді.
Кездесу соңында таныстыру рәсіміне келгендермен Евгений Савин естелікке фотоға түсті.