Еуропа чемпионаты: Іріктеуде Италия өз алаңында Англиядан жеңілді

Еуропа чемпионаты: Іріктеуде Италия өз алаңында Англиядан жеңілді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы бірінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 наурыздан 24-іне қараған түні Еуропа чемпионатының іріктеу сатысының алғашқы ойын күні өтті.

Бұл күнгі басты кездесуде С тобында Италия мен Англия құрамалары шеберлік байқасты. Ойын барысында құрамалар белсенді қимыл көрсетті.

Кездесуде Италия Англияға 1:2 есебімен жол берді.

Сондай-ақ J тобында Португалия өз алаңында Лихтенштейнді қабылдады. Аталған кездесуде Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 197 ойынын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или