Ангел Йордэнеску: «Қазақстан жақсы ойын өрнегін көрсетуде»

Румыния құрамасының бас бапкері Ангел Йордэнеску ӘЧ-2018 іріктеу кезеңіндегі бір топқа түскен Армения мен Қазақстан құрамалары жайлы жақсы пікірде екендігін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан, Армения мен Румыния құрамаларынан бөлек Е тобында Польша, Черногория, Дания ұжымдары бар.

«Біздің топ осал емес, — деп бастады сөзін Йордэнеску. — Поляктардан бөлек, негізгі қарсыласымыз Дания құрамасы болмақ. Черногорияда соңғы уақытта футбол қарқынды дамып келеді. Армения мен Қазақстан құрамалары да жақсы ойын көрсетуде. Бірде-біреуіне қарсы ойнау оңай болмасы анық».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или