Әлем футболы

Ибрагимович Швеция құрамасының матчтарына шақырту алды

Ибрагимович Швеция құрамасының матчтарына шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

41 жастағы футболшы 24 және 27 наурызда Стокгольмде өтетін Бельгия мен Әзірбайжан құрамаларына қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы тізе жарақатына байланысты маусымның көп бөлігінде алаңға шыға алмады, ақпан айының соңында алаңға шығып, «Милан» үшін үш матчқа қатысты. Златан 121 матчта 62 гол соққан, ұлттық құрамасының үздік сұрмергені.

Еске салайық, футболшы 2001 жылы Швеция құрамасында дебютін өткізіп, Еуро-2016-дан кейін мансабын аяқтайтынын жариялап, 2021 жылы қайта оралды. Ол соңғы рет ұлттық құрама сапында өткен наурызда Катарда өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0