русский язык
Күрес

Астанада өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатының ойын күнтізбесі жарияланды

Астанада өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатының ойын күнтізбесі жарияланды

Астана қаласында сәуір айында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатының ресми күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрлықтық додада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады.

Жарыстың алғашқы екі күнінде, 9-10 сәуірде грек-рим күресінен балуандар белдесуге шықса, 11-12 сәуірде әйелдер күресінің шеберлері бозкілемге шығады. Ал 13-14 сәуірде еркін күрес шеберлерінің бәсекесі жарыс көрігін қыздырады.

Азия чемпионатының ойын күнтізбесі:

9 сәуір: грек-рим күресі 55, 63, 77, 87, 130 келі

10 сәуір: грек-рим күресі 60, 67, 72, 82, 97 келі

11 сәуір: әйелдер күресі 50, 55, 59, 68, 76 келі

12 сәуір: әйелдер күресі 53, 57, 62, 65, 72 келі

13 сәуір: еркін күресі 57, 65, 70, 79, 97 келі

14 сәуір: еркін күресі 61, 74, 86, 92, 125 келі

«Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді. Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады», - деп мәлім етті ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;