OCTAGON 42 турнирінің алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды. Видео

Өзбекстан астанасында Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушенінің OCTAGON<span> </span>42 турнирі басталды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Алғашқы жекпе-жекте жеңіл салмақта жергілікті файтерлер Нозимбек Каландаров (0-1) пен Темур Якубов (1-0) кездесті.
Каландаров бірінші раундтың соңына қарай ауыр соққылап жасап, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ивенттің басты жекпе-жегінде Достон Бозоров (7-0) пен Жансерік Жақсығұлов (4-2) жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион титулын сарапқа салады.
Тағы бір жекпе-жекте қырғыз файтері Арген Абдыкадыров (7-0) өзбекстандық Мухаммаджон Курбановпен (9-4) кездеседі. Олар жартылай жеңіл салмақта OCTAGON титулы үшін төбелеседі.
Сондай-ақ турнирде бір-бірімен жанжалдасып жүрген Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (4-1) пен Одилхон Камолов (2-1) аралық салмақта күш сынасады.
<h4>Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі</h4> <h4>OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы</h4>