Дмитрий Огай қызметінен босатылды

Дмитрий Огай қызметінен босатылды

Бүгін қызылорадылқ «Қайсар» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бас бапкер Дмитрий Огай, клуб директоры Руслан Балтиев және команда басшысы Евгений Веретнов қызметтерінен босатылды. Олардың орнына клуб директоры міндетін атқарушы болып бұған дейін директордың орынбасары болған Әлназаров Жаңабек Шәріпбайұлы тағайындалса, бас бапкердің міндетін атқарушы болып қызметке осы уақытқа дейін бас жаттықтырушының көмекшісі болып келген Әбілдаев Cұлтан Тоқатайұлы кірісті.

Айта кетейік, Дмитрий Огай «Қайсар» футбол клубын 2014 жылғы футбол маусымынан бастап жаттықтырып келді. Өткен маусымда команда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, ел чемпионатында үздік бестіктен көрінді. Алайда, биыл команда сәтсіздіктерге душар болуда. 21 турдан кейін «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасында 17 ұпай жинап, 10-орында тұр.

Облыс басшылығы Дмитрий Огай, Руслан Балтиев және Евгений Веретновқа серіктестік үшін алғыс білдіріп, алдағы еңбектеріне табыс тілейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или