Артем Кучин Еуропа Лигасының матчына тағайындалды

Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Астра» - «Инвернесс» матчына Артем Кучин бастаған қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бас төрешіге тараздық Евгений Бельский мен атыраулық Анатолий Ходин көмектеседі. Төртінші төреші - талдықорғандық Денис Измайлов.

Өткен маусымда Артем Кучинге Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) және «Генгам» (Франция) - «Динамо» (Минск, Беларусь) матчтарында жұмыс істеді. Айта кетейік, қарағандылық төреші мен «Астра» клубының жолы осы уақытқа дейін де түйіскен. Артем Кучин 2014 жылы Еуропа Лигасының «Слован» - «Астра» матчында қызмет атқарып, сол ойын 3:2 есебімен румыниялық футболшылардың жеңісімен аяқталды.

Қарағандылық төреші клубтық турнирлерден бөлек, құрама командалардың матчтарына да тағайындалып жүр. Өткен жылы 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс – Англия және Кипр – Бельгия матчтарында қызмет атқарды. Сонымен қатар, Әлем чемпионатының іріктеу матчтары мен 19 жасқа дейінгі жасөспірім құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде жұмыс тәжірибесі бар. Оның ішінде жартылай финалдағы Чехия - Сербия кездесуін атап өтуге болады.

«Астра» - «Инвернесс» матчы 23 шілде күні Румынияның Джурджу қаласында Марин Атанасовичи стадионында өтеді. Бұл командалардың арасындағы алғашқы ойын 1:0 есебімен румыниялық футболшылардың пайдасына шешілді.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или