Қорғаушы Хулиан Араухо «Барселона» сапына қосылды

Қорғаушы Хулиан Араухо «Барселона» сапына қосылды

«Барселона» ФК ресми сайтында «Лос-Анджелес» қорғаушысы Хулиан Араухоның команда сапына қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мексикалық футболшы осы маусымда каталониялықтардың екінші командасында ойнайды, өйткені «Барса» басшылығы қысқы трансфер кезеңінде Араухоның трансферін аяқтап үлгермеді.

Өткен маусымда Араухо 31 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы мексикалық ойыншыны 6 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или