«Атлетико» Савичті сатып алды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Мадридтік «Атлетико» «Фиорентинаның» қорғаушысы Стефан Савичті сатып алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Черногориялық ойыншыны сатып алу үшін мадридтік клуб 12 миллион еуро жұмсады. Савич «Атлетикомен» көпжылдық келісімшартқа қол қойды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, 24-жастағы қорғаушы биылғы маусымды Фиорентина сапында өткізіп, 42 матчқа қатысқан болатын. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или