Чемпиондар лигасы: «Боруссия» «Челсиді», «Бенфика» «Брюггені» жеңді

Чемпиондар лигасы: «Боруссия» «Челсиді», «Бенфика» «Брюггені» жеңді

15 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында германиялық «Боруссия Дортмунд» пен англиялық «Челси», бельгиялық «Брюгге» мен португалиялық «Бенфика» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Боруссия Дортмунд» өз алаңында «Челсиді» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 63-минутта 21 жастағы шабуылшы Карим Адейеми соқты.

Қарымта ойын 7 наурызда Лондонда өтеді.

Параллель өткен матчта «Брюгге» өз алаңында «Бенфикадан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Қонақтар екі голды да екінші таймда соқты, гол авторы — Жоао Марио мен Давид Нерес.

Командалар арасындағы қарымта ойын 7 наурызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или