«ПСЖ» жартылай қорғаушысы Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты
«ПСЖ» жартылай қорғаушысы Варрен Заир-Эмри Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
<span> Түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының матчтары басталғаны белгілі. Париждік «ПСЖ» өз алаңында мюнхендік «Баварияны» қабылдап, 0:1 есебімен қарсыласына есе жіберді. Аталған кездесуде алғашқы минуттан бастап франциялық жартылай қорғаушы Варрен Заир-Эмри шығып, Чемпиондар лигасындағы жаңа рекордты тіркеді. </span>
<span>Ол турнирдің плей-офф кезеңінде негізгі құрамда өнер көрсеткен ең жас футболшы ретінде тарихта қалып отыр. Бұл көрсеткішке «ПСЖ» жартылай қорғаушысы 16 жас 343 күнде қол жеткізді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или