«Тобыл» босниялық ойыншымен келісімшарт жасасқанын хабарлады

«Тобыл» босниялық ойыншымен келісімшарт жасасқанын хабарлады

Босниялық ойыншы Асмир Сульич қостанайлық клубпен 2023 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асмир Сульич мансабын «Сараево» клубында бастады. Сондай-ақ, «Уйпешт», «Олимпия Любляна», «Диошдьор», «Маккаби Петах-Тиква», «Заглембе» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Босния мен Герцеговина жастар құрамасында да ойнады.

Сульич сол қапталда өнер көрсете алады, бірақ негізгі шебі – шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Асмир ойынды өрбіту, қарсы шабуылға шығу, дұрыс ашыла білу, дриблинг сияқты футболшыға қажетті қабілеттерді меңгерген.

Хавбек бұған дейін «Сараево» командасының капитаны болды.

Туған жылы: 11 қыркүйек 1991<br />Бойы: 171 см<br />Салмағы: 69 келі<br />Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы<br />Азаматтығы: Босния және Герцеговина

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или