Әліптің командасы жолдастық кездесуде 8:0 есебімен жеңіске жетті

Әліптің командасы жолдастық кездесуде 8:0 есебімен жеңіске жетті

Нұралы Әліп өнер көрсететін «Зенит» футбол клубы «Дубай Сити» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дубайдағы жаттығу жиыны аясында өткен ойында Әліптің командасы 8:0 есебімен жеңіске жетті.

«Зенит» сапында Иван Сергеев пента-трик (5 гол) жасады. Одан бөлек Зелимхан Бакаев, Андрей Мостовой және Аким Белохонов гол соқты.

«Зенит» алаңға мынадай құраммен шықты<span>: Даниил Одоевский, Алексей Сутормин, Родригао, Нұралы Әліп, Илья Кирш, Александр Ерохин, Далер Кузяев (капитан команды), Данила Козлов, Андрей Мостовой, Зелимхан Бакаев, Иван Сергеев.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или