Виктор Кумыков «Қайсардың» бапкерлер штабына қойылған басты міндетті айтты

Виктор Кумыков «Қайсардың» бапкерлер штабына қойылған басты міндетті айтты

«Қайсар» Премьер-Лиганың барлық командалары сияқты, алдағы маусымға дайындығын жалғастырып жатыр. «Қасқырлардың» бас бапкері Виктор Кумыков Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында клубтың болашағы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Команда қаншалықты жасақталған және қанша шетелдік ойыншы болады?

– Бізге әлі екі позицияға ойыншылар қажет, біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Ал легионерлерге келетін болсақ, барлығы регламент бойынша – сегізден аспайды. Әзірге алты ойыншы бар.

– Басшылық бапкерлер штабына қандай міндет қойып отыр?

– Чемпионат пен кубокта жақсы өнер көрсету. Жақында облыс әкімімен кездесу өтіп, онда нақты тапсырмалар айтылады. Сұрақтарымыз болса қоямыз. Осыны айтайын, мен онымен кездестім – ол команданың жақсы өнер көрсетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты. Сондықтан біздің мақсатымыз – алдымызға қойылатын барлық міндеттерді орындау.

– Қазақстан кубогында «Қайсар» «Астанамен» кездеседі. Бұл турнирге көзқарас қандай?

– Әрине, «Астана» жеңіл қарсылас емес. Біз жеңу үшін бәрін жасаймыз.

– 18 ақпанда команда Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтайды. Чемпионат басталар алдында команда Қызылордада дайындала ма?

– Иә, үйде он күндік оқу-жаттығу жиынын өткіземіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или