«Барыс» елордада СКА-дан жеңіліп қалды
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Алғашқы минуттан гол соғу мүмкіндігін іздеді.
Алдымен СКА сапынан Игорь Ожиганов 3, Святослав Гребенщиков 15, Евгений Кетов 18-минуттарда мергендік танытты.
Оған 21-минутта «Барыс» хоккейшісі Алекс Грант бір шайбамен жауап қайырды.
Одан кейін ресейлік хоккейші 29-минутта Степан Фальковский қайтадан СКА командасының басымдығын арттырса, 46-минутта елордалық клубтан Никита Михайлис көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ал 43-минутта ресейлік Дамир Жафияров гол соқса, «Барыс» хоккейшісі Джереми Бракко 46, Кирилл Савицкий 54-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Ойынның 59-минутында ресейлік Василий Глотов қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 4:6 есебімен есе жіберді.