Әліптің командасы БАӘ клубымен жолдастық кездесу өткізеді
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін «Зенит» 14 ақпанда «Дубай Сити» клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Санкт-Петербургтік клубтың ресми<span> </span><span>сайты</span> хабарлағандай, аталған команда БАӘ чемпионатының бірінші дивизионында бақ сынайды.
Матч Дубайдағы Dubai Football Club стадионында өтеді және Санкт-Петербург уақыты бойынша таңғы сағат 9:30-да басталады.
Сонымен қатар, «Зенит» 14 ақпанда Екатеринбургтің «Уралымен» тағы бір ойын өткізеді. Кездесу сағат 17:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или