«Каспий» футбол клубы үш ойыншымен келісімшарт жасасты
«Каспий» футбол клубы Маңғыстау футболының түлектері Мадияр Бекешов, Дархан Бердібек және Сұлтанбек Досахановпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мадияр Бекешов өткен маусымда «Каспий-М» командасынан негізгі командаға өтіп, «Каспий» сапында ҚР Премьер Лигасында 3 ойын ойнаған футболшы.

Дархан Бердібек өткен маусымда «Каспий» сапында ҚР Премьер Лигасында 2 ойын ойнап, 1 нәтижелі пас және ҚР Кубогында 3 ойын ойнап, 1 гол соққан футболшы.

Сұлтанбек Досаханов өткен маусымда «Қайрат» футбол клубының жастар құрамасында ҚР Бірінші Лигасында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или