«Атырау» өз қақпашыларымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Атырау» өз қақпашыларымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Атырау» қақпашылары Илья Караваев, Нұрасыл Тоқтаров және Дулат Талыспаев клубпен келісімшарт ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Илья Караваев – Алматы футболының түлегі. Ол футбол мансабын 2015 жылы бірінші лигадағы ЦСКА клубының құрамында бастады. 2022 жылдың басында ол атыраулық клубпен келісімшартқа отырған.

Тоқтаров өткен маусымда «Атырау» жастар құрамасында өнер көрсетіп, 11 матч өткізді.

Дулат Талыспаев та өткен маусымды «Атырау-М» сапында өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или