Мажарстандағы халықаралық турнирде Теміртас Жүсіпов өзбек боксшысын жеңді
Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде қазақстандық тағы бір боксшы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық Теміртас Жүсіпов ширек финалда 48 келі салмақта Дониер Бекмуродовпен шеберлік байқасқан еді.
Жекпе-жекте төрешілер шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңімпаз болды.
Нәтижесінде ол жартылай финалға жолдама алды. Ол кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізе алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или