русский язык
Бокс

WBA Головкинді титулын қорғауға міндеттеді

WBA Головкинді титулын қорғауға міндеттеді

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен осы дивизиондағы тұрақты әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара арасында жекпе-жек ұйымдастыруды бұйырды, деп жазады Prosports.kz.

Қос боксшыға келіссөз жүргізуге 15 күн уақыт берді, ол 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады.

«Бастапқыда Головкин IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласымен кездеуі керек еді. Алайда қазақстандық бұл титулдан бас тартты, сол себепті WBA Лараға қарсы жекпе-жек тағайындау туралы шешім шығарды.

Головкин супер орта салмаққа өтіп, былтыр қыркүйекте Сауль Альвареспен кездесуге арнайы рұқсат алған. Аталған шешімде ол орта салмақтағы чемпиондық атағын Лараға қарсы жекпе-жекте қорғауы керек екені көрсетілген.

Регламент бойынша (C.11) чемпион атанған боксшы титулын 120 күн ішінде міндетті қарсыласына қарсы қорғауы керек. GGG белбеуді былтыр 9 сәуірде жеңіп алды, сондықтан қорғау мерзімі 2022 жылы 8 тамызда аяқталды.

Тараптар келісімге келе алмаса немесе келіссөзден бас тартқан жағдайда WBA гонорарды Головкинге 75%, Лараға 25% мөлшерінде бөлу арқылы жекпе-жекті саудаға қоюы мүмкін», – делінген WBA ресми мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;