Берік Айтбаев карьерасын «Тұранда» жалғастырады
«Тараз» ФК қорғаушысы Берік Айтбаев карьерасын түркістандық «Тұранда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Орталық қорғаушы «Тұранмен» бірге Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды. Онда ол жаңа ойыншылармен Бірінші лиганың алдағы маусымына дайындық өткізеді.
31 жастағы Берік Айтбаев «Тараз» түлегі. Ол туған клубынан бөлек «Атырау», «Ақтөбе» және «Ертіс» командаларында өнер көрсетті. Ойыншы Қазақстан чемпионатында 133 кездесу өткізген.
Айтбаев өткен маусымда «Тараз» сапында 12 ойын өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или